«Жинақ банкі» АҚ ЕБ өз клиенттеріне материалдық құндылықтарды жеке сейфтік ұяшықтарда сақтаудың заманауи және сенімді тәсілін ұсынады. Кәсіпкерлер мен бизнесмендер Банктің келесі сейфтік қызметтерін пайдалана алады:
- құжаттарды, бағалы заттарды, ақшаны және басқа да материалдық құндылықтарды сақтау
- жылжымайтын мүлікті және қымбат тұратын мүлікті сатып алу-сату мәмілелері бойынша төлемдер кезінде делдалдық қызметтер көрсету
Банк сейфтің тұтастығы үшін жауап береді, ондағы құндылықтардың сақталуына кепілдік береді және оларды сақтау құпиясын қамтамасыз етеді.
Артықшылықтары:
- сенімділік - жалға алушының рұқсаттаманы, кілтті (телнұсқалары жоқ) және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша сейф ұяшығына қол жеткізу
- қауіпсіздік - тәулік бойы күзету, Банктің сейфтік қоймасы заманауи күзет жүйелерімен жабдықталған
- құпиялылық - сақтау заты туралы қандай да бір есептердің болмауы, сейфтегі құндылықтармен жасалатын барлық операциялардың анонимділігі
- пайдаланудың қарапайымдылығы - сенімді үшінші тұлғалардың сейфті пайдалану мүмкіндігі, қосымша төлемсіз құндылықтарды алу немесе қосымша салу мүмкіндігі қарастырылған
- ыңғайлылық - ақшаны қайта есептеу және түпнұсқалығын тексеру үшін жабдықты пайдалану мүмкіндігі, сақтауға арналған контейнерлерді ұсыну
- кең таңдау - материалдық құндылықтарды ыңғайлы орналастыру үшін әртүрлі көлемдегі сейфтік ұяшықтар
- ірі мәмілелер кезінде қорғау - жеке сейф ұяшығын пайдалана отырып сатып алу-сату мәмілелері бойынша есеп айырысу ықтимал алаяқтықтан құтылуға мүмкіндік береді
- Банк мамандарының білікті көмегі
Негізгі шарттар: