Сбербанк Бизнес Онлайн
Құрметті клиенттер,
"Сбербанк" АҚ ЕБ қашықтықтан банктік қызмет көрсететін «Сбербанк Бизнес Онлайн» жүйесін назарларыңызға ұсынады!
Алдыңғы қатарлы технологиялардың артықшылықтарына баға беріп, Банкке келу кезінде транспортқа және кеңсеге кететін еңбек, уақыт және қаржы шығындарын барынша қысқартыңыз.
«Сбербанк Бизнес Онлайн» деген не?
«Сбербанк Бизнес Онлайн» – клиенттерге – заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі, ол Банктің клиентіне Интернеттің көмегімен банктік қызметтердің кең ауқымын пайдалануға мүмкіндік береді:
- ұлттық және шетел валютасында төлемдер;
- жалақыны Қызметкерлеріңіздің карточкалық және жеке шоттарына аудару;
- міндетті зейнетақы және әлеуметтік жарналарды, сондай-ақ медициналық сақтандыру жарналарын аудару;
- салық және кеден төлемдерін жүргізу;
- шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату;
- шот бойынша белгілі бір кезең ішіндегі қаражат қозғалысы жөнінде үзінді көшірме алу;
- төлемдерді, сондай - ақ қызметкерлердің тізімдері бар файлдарды импорттау;
- Банкпен ақпараттық хабарламалармен жылдам алмасу, файларды салу мүмкіндігі;
- шот/салым ашуға, кредит алуға, сондай - ақ кредиттік желі аясында банктің кепілдігін алуға өтініштер жіберу;
- алдағы өтелуі тиіс сома бойынша хабарландырулар алу.
«Сбербанк Бизнес Онлайн» қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесінде "1С:Предприятие 8" жүйесінің DirectBank технологиясы жұмыс істейді.
DirectBank технологиясы бойынша тікелей құжат айналымының артықшылықтары:
- ұлттық валютадағы барлық төлем тапсырмаларын "1С:Предприятие 8" жүйесінде құрауға, содан соң батырмаға бір басу арқылы «Сбербанк Бизнес Онлайн» жүйесіне жүктеуге болады;
- «Сбербанк Бизнес Онлайн» жүйесіне жіберілген төлем тапсырмаларының статустарын "1С:Предприятие 8" бағдарламасынан тікелей бақылауға болады;
- үзінді көшірмені тінтуірмен бір шерту арқылы алуға болады;
- DirectBank технологиясымен жұмыс істеу мүмкіндігі сондай-ақ "1С:Предприятие 8 через Интернет" клауд сервисінде де қолжетімді(1cfresh.kz).
DirectBank артықшылықтары туралы толығырақ «1С» фирмасының сайтында.
Тікелей құжат айналымымен жұмыс істеуді бастау жолдары:
-
«Сбербанк Бизнес Онлайн» жүйесін қолданнушысы болу қажет;
-
«1С» бағдарламалық жасақтамасының актуалдылығын тексеру. БЖ-ға қойылатын талаптар:
- Платформа 1С:Предприятие 8.3.11 және одан жоғары болуы қажет;
- Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8 конфигурациясы, 3.0.25.хх бастап;
- 1cfresh.kz клауд сервисімен жұмыс кезінде "thin client" орнатылған болуы тиіс.
-
Банк серверінен баптауларды автоматты түрде алу және 1С жүйесінен тікелей құжат айналымы бойынша нұсқаулықпен танысу.
*1С:Предприятие 8: бағдарламалық өнімдері бойынша сұрақтар:
1С-Қазақстан кеңес алу желісі
- тел. +7 7172 273061
- email: hotline@1c.kz
1cfresh.kz сервисі бойынша сұрақтар:
- email: support@1cfresh.kz
«Жинақ банкі» АҚ ЕБ-нің Интернет арқылы ұсынатын қызметтерінің тізімі үнемі кеңейтіліп отырады және бүгінгі таңда қазақстандық банктер арасындағы ең толық тізімдердің бірі болып табылады
© 2016 ДБ АО "Сбербанк"